×

Талдықорғандықтар сайлауға сырнайлатып ән салып, түйе мініп барды

Түйеші таңертең ең бірінші болып дауыс берген

 Еркеғали Болатұлы 19.03.2023 | 11:40
фото: ашық дереккөз

Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, талдықорғандық Ұлан Байзақов таңертең өзінің кандидаты үшін бірінші болып дауыс берген.

Әр демалыс немесе мереке сайын балалар мен ересектерді түйесімен серуендететін жігіт сайлауға түйе мініп, баян ойнатып, думандатып жетті.

«Аптаның демалыс күндері түйемді орталық саябақтарға алып шығамын. Үстіне мінгеніне қуанған балаларды көрудің өзі ғанибет.

Осындай қызмет көрсетуден тапқан қаражатты түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын.

Бүгінгі сайлауға ертелетіп келіп, дауыс бердім. Себебі күні бойы түйе бағымына қатысты атқаратын шаруам көп», - дейді Ұлан Байзақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама