×

Бүлінген бюллетеньді ауыстыруға болады – комиссия төрағасы

Бүлінген бюллетень жарамсыз болып саналады

 Айгерім Таубай 19.03.2023 | 10:55
Halyq Uni/Алиакпар Қадырбаев

Бүлінген бюллетеньді бір рет ауыстыруға болады. Бұл туралы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, бүлінген бюллетень жарамсыз болып саналады.

Егер дауыс беруге келген азамат қате жіберіп, бюллетеньдегі аты-жөні сызылған кандидатты белгілесе және қателескенін бюллетеньді жәшікке салмай тұрып байқаса, дауыс беру қағазын ауыстыруды сұрай алады. Азамат учаскелік комиссияға жүгініп, қайта дауыс бере алады, - деді Айгүл Қалықова.

Ал мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады.

Айта кету қажет, жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі.

Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. Сайлауда 1,2 миллион алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама