Бір тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр
Елімізде бір тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
19 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 801 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде135 пациент стационарда, 1 666 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.