Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды

Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласып жатыр

 Айгерім Таубай 19.03.2023 | 07:44
Қазақстандықтар бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлайды
Halyq Uni/Алиакпар Қадырбаев

19 наурызда қазақстандықтар парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлайды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жексенбіде мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлауда 12 миллионнан астам сайлаушы дауыс бере алады.

Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады:

  • Amanat партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • Respublica партиясы;
  • Қазақстан халық партиясы;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

Сондай-ақ бюллетеньдердің өлшемі де өзгерді: сайлау барысында олар А5 форматында ұсынылады.

Бюллетеньдегі 7 тармақ – саяси партиялардың атауы, 8-тармақ – «Бәріне қарсымын» тармағы.

Бірмандатты округтердің бюллетеньдеріне келсек, 16 кандидатқа дейін бланкінің өлшемі – 148*210, 16 кандидаттан көп болса, өлшемі 148*500 болады.

Парламентке барлығы 98 депутат сайланады, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бірмандатты округтер бойынша өтеді.

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау барысында азаматтарға 5 түрлі бюллетень (мегаполис тұрғындарына 4 бюллетень) беріледі. Оның екеуі – мәжіліс, қалған үшеуі мәслихат депутаттарын сайлауға арналған.

Қазақстандықтар сайлау учаскесінде цифрлық жеке куәлігін көрсетіп, дауыс бере алады.

САЙЛАУҒА 41 ЕЛДЕН БАҚЫЛАУШЫ ҚАТЫСАДЫ

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстандағы сайлауды 786 адам бақылайды. Оның ішінде 41 шетелдің 124 өкілі және 12 халықаралық ұйымның 662 бақылаушысы бар.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлауды бақылауға 16 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, оның ішінде Әзербайжан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан және Тәжікстан сайлау комиссияларының бес төрағасы қатысады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ӘЛЕМНІҢ 62 ЕЛІНДЕ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ

Қазақстан азаматтары 19 наурызға белгіленген парламент сайлауында әлемнің 62 елінде дауыс бере алады. Бұл туралы деп Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды, - делінген ақпаратта.

Дауыс беруге қатысу үшін Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде дауыс беруге жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін бару керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама