Өңірде ауа райы күрт нашарлады
Ауа райының күрт нашарлауынан Жетісу облысында бірнеше жол апаты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, екі жол апаты Ақсу ауданындағы Сағабүйен ауылының маңында тіркелген. Елді мекеннен шыққан кезде Mitsubishi Lancer автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі, рөлді басқара алмай, көпірден аударылып кетті. Жол апатынан екі адам зардап шекті.
Сондай-ақ Алматы – Өскемен автожолының 361 шақырымында (Сағабүйенде) CHERY кроссовері КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға орнында 3 адам қаза тапты, олардың арасында сәби де бар. Тағы екі зардап шеккен адам ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.