Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр
Қызылордада киік жануарын атқан қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Қызылорда облысы ПД КПБ жойылып кету қауіпі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап сақтаған әрі өткізген, сол арқылы қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Тексеру барысында 6 киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды.
ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды