Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды
Түркістан облысында полицейлер 160 келі балықты тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Шардара су қоймасының Аққұм учаскелік аумағында күмәнді Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген. Оның барысында көліктің жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық табылды. Сондай-ақ күдіктіден 1 үрмелі қайық, балық аулауға арналған құралдар мен жалпы салмағы 160 келі түрлі балық тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға жеткізілді.