Түркістан облысында кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген бөлім басшысы сотталды

Динара Амантай

Ол қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасаған

Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында шенеунік кәсіпкерден алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгені алып қойған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шардара аудандық сотының үкімімен ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Бердалиева қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Оған 15 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

А.Бердалиеваға заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіріп, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлдіру сылтауымен кәсіпкердің 1,5 млн теңгесін иеленді деген айып тағылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.