Құзырлы органдар тобы аса қатыгездікпен танылған қылмыстық топты ұстады
Қазақстан мен Ресейдің құзырлы органдары арнайы операция жүргізді
Қазақстанның үш қаласында қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен белсенді мүшелері ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Қазақстан мен Ресейдің құзырлы органдары аса қатыгездікпен ерекшеленетін кезекті ұйымдасқан қылмыстық топты жедел зерделеуге алған. Оның қатысушыларының ауыр жалпы қылмыстарға (кісі ұрлау, бопсалау, ұрлық, кісі өлтіруге оқталу) қатысқандығы дәлелденді.
15-16 наурызда ҰҚК-ФҚҚ, сондай-ақ ІІМ және прокуратура қызметкерлері қатарынан мемлекетаралық жедел-тергеу тобы Алматы, Қызылорда және Байқоңыр қалаларында қылмыстық әрекеттің 13 жетекшісі мен белсенді қатысушыларын ұстау бойынша біржолғы арнайы операция жүргізді.
Аталған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ұсталғандардың өзге де қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталып жатыр.