Алматыда «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының мүшесі есірткімен ұсталды

Еркеғали Болатұлы

Ол – 1987 жылы туған, Жамбыл облысының тумасы

фото: дереккөз

Алматыда «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Күдіктіні полиция қызметкерлері сағат 01:30-да Алатау ауданындағы «Ұлжан» шағынауданында қолға түсірген.

«Бұл – 1987 жылы туған Д. есімді азамат. Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес, ҚР аумағында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы.

Күдіктінің жеке басын тінту барысында ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дархан Әбіқұлов.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.