×

Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы болып жатыр

20 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 8 қылмыскер анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 17.03.2023 | 14:50
фото: polisia.kz

Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы болып жатыр. Бүгін – оның соңғы күні.

15 наурызда басталған жедел алдын алу іс-шарасында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік учаскелерінде визит карталарын тарата отырып, пәтерлерді, аулаларды аралап жүр. Сонымен бірге пәтерлер, үй-жайлар, үйлер, жалдамалы тұрғын үйлер, жатақханалар мен адамдар тұрып жатқан басқа да жерлерді аралап, жалға берушілердің тізімін жасап жатыр.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы басталған кезден бері 20 қылмыс, бұрын жасалған 17 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 8 қылмыскер анықталды. Қабылдау-тарату орнына екі азамат қамауға алынды. Уақытша бейімдеу және интоксикациялау орталығына 69 адам, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 5 кәмелетке толмаған бала орналастырылды.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған 560-тан аса адам тексерілді. Есепте тұрған 8 адамның белгіленген шектеулерді бұзғаны анықталды.

Сондай-ақ учаскелік инспекторлар 750-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасаған 73 азамат, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас болған 117 адам тіркеуге алынды. Тіркеусіз тұратын 254 азаматқа хаттама толтырылды. Отбасында құқық бұзған 17 адам жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересек адамдарсыз үйден тыс жерде болған 37 кәмелетке толмаған бала анықталды.

Автокөлікті мас болып жүргізген 5 адамға, жол ережесін бұзған 85 адамға айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама