Halyq Uni логотип
×

Ауылда оқушылар сыныптастары үшін көз протезін ойлап тапты

Олар протезді «Наурыз кездесулерінде» Оқу-ағарту министріне таныстырған

 Еркеғали Болатұлы 17.03.2023 | 11:11
Ауылда оқушылар сыныптастары үшін көз протезін ойлап тапты
фото: gov.kz

Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары жасаған.

«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды», – дейді оқушылар.

Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаcын 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оның ми нейрондарымен байланысын зерттемек. Олар протезді «Наурыз кездесулерінде» Оқу-ағарту министріне таныстырған.

Айта кетейік, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтіп жатыр. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден аса жоба ұсынды. Еліміздің барлық өңірлерінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмысын таныстырды. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама