×

Атырау облысында жасырын казино әшкереленді

Тінту кезінде 3 300 АҚШ доллары мен 957 мың теңге тәркіленді

 Динара Амантай 17.03.2023 | 10:08
Фото: mail.kz

Атырау облысында жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобы анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тінту жүргізу барысында ойын фишкалары, карталар, 3 300 АҚШ доллары мен 957 мың теңге және басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты азаматтардан және куәгерлерден жауап алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық құқықбұзушылық ұйымдастырушалары өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама