Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында 53 жастағы көршісінен жүкті болған оқушы қыз босанды

Сәбидің әкесі қазіргі уақытта қамауға алынды

 Халық үні 16.03.2023 | 23:38
Алматы облысында 53 жастағы көршісінен жүкті болған оқушы қыз босанды
фото: әлеуметтік желіден

Алматы облысында оқушы қыз ана атанды. Бұған дейін баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін деген болжам айтылған. Жақында күдіктіден ДНК сынамасы алынды. Оның нәтиежесі бойынша оқушы қыздың сәбиінің әкесі 53 жастағы Адал есімді көршісі болып шықты.

«14 ақпан 2023 жылы кәмелет жасқа толмаған қыз босанды. Жаңа туған сәбиден биологиялық материалдар алынып, генетикалық сараптама тағайындалды. Аталған сараптаманың қорытындысына сәйкес 99 пайыз баланың әкесі болып, бұрын күдікті ретінде танылған 1969 жылғы Междуреченск ауылының азаматы болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Сәбидің әкесі қазіргі уақытта қамауға алынды», – деді Алматы облысы, Іле ауданына қарасты тергеу басқармасының бастығы Дастан Таңқақов.

«Аман-есен босанды. Дүниеге қыз бала келді. Есімін Ботагөз қойдық», – дейді 15 жастағы қыздың анасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама