×

Үкіметтік комиссия Шымкенттің әуежайын тексереді

Оның жұмысына премьер-министрдің бірінші орынбасары төрағалық етеді

 Дастан Жұмабекұлы 16.03.2023 | 17:37
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласы әуежайының жұмысын тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия 14 наурызда премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімі бойынша жұмыс істеп, Шымкент қаласының әуежайын тексеретін болады.

Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құрылсын. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін, – делінген Үкімет басшысының өкімінде.

Үкіметтік комиссия құрамына премьер-министрдің бірінші орынбасары төрағалық етеді. Оның құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары, Төтенше жағдайлар вице-министрі, Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ішкі істер министрінің орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Ұлттық экономика вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Әділет вице-министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Бас прокурордың орынбасары (келісім бойынша), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) мен Үкімет аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы кіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жетісуда шенеуніктер жемқорлығының кесірінен 30-дан аса өндіруші зардап шегіп отыр

Субсидия саласындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды
03.06.2023 | 17:02

Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық – Әлихан Смайылов

АШМ тарапынан үйлестіру жұмыстары әлсіз болып отыр
03.06.2023 | 16:30

«Баланың жасына қарай таңдау керек»: Елімізде оңалту құралдарының паркі ашылуы мүмкін

Оңалту құралдарын алған азаматтар олар істен шыққан жағдайда аталған паркке келіп жөндете алады
03.06.2023 | 15:37