×

Елорда тұрғыны аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі сақтаған

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 16.03.2023 | 17:26
Фото: ашық дереккөз

Елорда тұрғыны синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, елордалық тәртіп сақшылары 26 жастағы тұрғынды анықтады. Жігіт тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден аса түйіншек табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, ол зат салмағы шамамен 1 келі 200 гр мефедрон болып шықты.

Ер адам кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама