×

Парламентте жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды

Оның негізгі басымдықтары - халықты жұмыспен қамтуды ынталандыру

 Дастан Жұмабекұлы 16.03.2023 | 15:44
фото: ашық дереккөз

Бүгін Сенат депутаттары екінші оқылымда жаңа Әлеуметтік кодекс туралы заң жобасын қабылдады.

Отырыста заң жобасының мәні мен маңызы туралы сенатор Ләззат Қалтаева баяндама жасады. Ол Әлеуметтік кодексті әзірлеу – халықаралық талаптарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды шешімдері мен нәтижелерінің бірі екенін атап өтті.

Сол сияқты, Сенат депутаты өзінің баяндамасында әлеуметтік кодекс түрлі заңнамалық актілердің орнына әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі болатынын айтты.

Оның негізгі басымдықтары – халықты жұмыспен қамтуды ынталандыру және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, – деді ол.

Сенатордың айтуынша, жүргізілген реформалардың нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады. Сосын әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама