Halyq Uni логотип
×

Жетісайда ер адам көршісінің теледидарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 16.03.2023 | 15:30
Жетісайда ер адам көршісінің теледидарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: Halyq Uni

Жетісай тұрғыны көршісінің теледидарын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жетісай аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, Астана қаласына кеткен уақытта үйіне ұры түскенін хабарлаған. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның үйінің терезесін сындырып ішке кіріп, құны 125 мың теңгелік теледидарын ұрлап кеткен.

Полицейлер оқиғаны ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тіркеуге алды. Полицейлер ұрлық болған аймақты түгел қарап, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп шықты. Көрген-білгендерден жауап алынып, мүлік қабылдайтын ломбардтарды тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде жәбірленушінің көршісі, жас жігіт анықталып, полицияға жеткізілді.

Анықталғандай, күдікті көршісінің үйінде ешкім жоқтығын біліп, арам ойын іске асырған. Содан теледидарды ұрлап, ломбардқа 45 мың теңгеге өткізіп жіберген. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ал күдікті шартты түрде жазасын өтеп жүргеніне қарамастан, оң нәтиже шығармай, қайта қылмыс жасағаны үшін қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама