Екі ер адам мен әйел қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 3 адамның денесі табылды. Қайғылы жағдай 15 наурызда Жаңа Бұқтырма кентінде болған. Бесқабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шығып, қонақ бөлмесінде диванның, кілемнің, ағаш еденнің жанғаны анықталған.
Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы екі ер адам мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өлімнің нақты неден болғаны әлі анықталмады.
Қазір бұл оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
«Жалпы ауданы 4 шаршы метрді құрайтын өрт сөндірілді. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.