×

Қазақстан Қытаймен шекарадағы кедергілерді жою жұмысын жандандыра түспек

Үкіметте «Қазпошта» акционерлік қоғамын дамыту шаралары қаралды

 Динара Амантай 16.03.2023 | 11:20
Фото: @PrimeMinister_K

Кеше премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Қазпошта» АҚ қызметінің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Компания басшысы Әсел Жантасова атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы көрсеткіштер мен халыққа қызмет көрсетудің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды баяндады. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ұлттық пошта операторын қолдау және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарады.

Бұдан басқа, Қазақстан – Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» шекаралық өткізу бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне (оның ішінде «Қазпошта» желісі бойынша) кедергілерді жою жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Премьер-министрге бүгінде рәсімдеуден өтетін көліктер санын тәулігіне ҚР-дан ҚХР-ға 2 есеге жуық, ҚХР-дан ҚР-ға 40%-ға арттыру мүмкін болғаны баяндалды. Бұл ретте Әлихан Смайылов қысқа мерзімде одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік процестерді жеделдетуді талап етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама