×

Швейцарияда ауылға көшіп келетін әр адамға 60 мың доллар беріледі

Альпы тауларының басында орналасқан Альбинен ауылы бос қалудың алдында тұр

 Дастан Жұмабекұлы 16.03.2023 | 10:19
фото: oxu.az

Швейцарияда деревняға көшіп келетін әр адамға 60 мың доллар беріледі. Швейцария билігі осындай шешім қабылдады. Бұл туралы oxu.az хабарлады.

Қазір шенеуніктер шынымен де елді мекендегі адамдар санының азайып бара жатқанына алаңдап отыр.

Порталдың хабарлауынша, Альпы тауларының басында 1 300 метрлік биікте орналасқан Альбинен деревнясы бос қалудың алдында тұр. Арнайы бағдарлама тек осы жерге ғана қатысты жасалған.

Елді мекен соңғы жылдары мүлдем жер бетінен жоғалуға  жақын қалған. Себебі байырғы тұрғындардың ұрпақтары арасында ірі қалаларға қоныс аударушылар көбейіп кеткен. Ал олардың орындарына ешкім келіп жатқан жоқ. 2020 жылы жүргізілген халық санағы бойынша Альбиненде небәрі 243 адам болған. Қазір мұнда адам саны одан да азайып кеткен. Сол себепті, билік осы проблемаға назар аударып жатыр, – делінген материалда.

Осыған байланысты билік Альбиненге көшіп келгісі келетін адамға субсидия беруді жоспарлап отыр. Бірақ мигрантқа бірқатар талап қойылған. Мысалы, көшіп келушінің жасы 45-тен аспауы керек. Сондай-ақ көшіп келушінің Швейцария азаматтығы немесе елде тұруға рұқсаты болғаны жөн.

Одан басқа, релоканттар деревняға келгесін кемінде 216 мың доллар тұратын үй салып, сонда 10 жыл тұруға тиіс. Олай болмаса, алған ақшаларын толық қайтарып беретін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама