Қарағанды шахтасындағы жұмысшы жедел жәрдем келгенше қайтыс болған
Жұмысшы өліміне қатысты тергеу басталды
Костенко атындағы «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тау-кен жұмысшысы қаза болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Марқұмның әріптестері ол жер асты тау-кен монтаждаушы болғанын айтты. Глинник механикаландырылған бекітпесін бөлшектеу жұмыстары кезінде ер адамның үстіне шатыр құлап, ауыр жарақат алғаны анықталды. Ер адам шахтаға дәрігерлер бригадасы келгенше қайтыс болды.
Басы мен мойын омыртқасы қатты жараланған, медициналық көмек келгенге дейін ер адам қайтыс болды, - деді марқұмның әріптестері.
Еске салайық, бұған дейін 24 наурызда «Саран» шахтасында тау-кен массасының құлауы салдарынан 57 жастағы кенші көз жұмды. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1 465 қызметкер зардап шегіп, олардың 200-і қаза тапқан.
Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында 11,3% (167 адам) байқалады.