Halyq Uni логотип
×

Ақмолалық әйел 16 жастағы ұлын полицияға тастап кеткен

Мәселені аудан прокуратурасы бақылауға алды

 Динара Амантай 15.03.2023 | 15:56
Ақмолалық әйел 16 жастағы ұлын полицияға тастап кеткен
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының полицейлері кәмелетке толмаған ұлын полиция бөлімінде қалдырған анаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ақкөл ауданының полиция бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын өтініш білдірген. Әйелдің айтуынша, білім бөлімінің қызметкерлері 16 жастағы ұлын балаларды қолдау орталығына орналастырудан бас тартқан. Әйелдің отбасының қиын жағдайда болуына байланысты күндіз 16 жастағы жасөспірімді тиісті ұйымдарға орналастыру үшін Ақкөл ауданы білім бөлімінің қамқоршылық органдарына алып келгені анықталды. Полицияға арыз берген кезде әйел ұлын Ақкөл ауданы ПБ-ның ғимаратына тастап, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Кейінірек бір сағат ішінде кәмелетке толмаған баланы қайтаруды сұрап, полиция бөліміне оралған. Жасөспірім анасына қайтарылды.

Қазір жергілікті атқарушы органдар Ақкөл аудандық ПБ ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп, қажетті профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Тұрғын үй жағдайларына тексеру жұмыстары жүргізіле бастады.

Осы мәселені кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысында қарау жоспарланған. Аудан прокуратурасы да бақылауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама