×

Жетісу облысының тұрғыны болмашы қарызы үшін ауылдасын аяусыз ұрып-соққан

Жәбірленушіге миы шайқалған, бет терісі жыртылған және қабырғасы сынған деген диагноз қойылды

 Динара Амантай 15.03.2023 | 14:31
Фото: ledauphine.com

Жетісу облысының тұрғыны қарызы үшін ауылдасын аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға Алакөл ауданында болған. Тәртіп сақшылары ауылдасын ұрды деген күдікпен 48 жастағы ер адамды ұстады. 55 жастағы жәбірленуші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Тергеу барысында ерлер арасындағы жанжалдың 15 мың теңге ақшалай қарыздан туындағаны белгілі болды. Ауызша ұрыс ақыр аяғында төбелеске ұласып, кейін олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Соққылар мен гематомадан басқа, жәбірленушіге миы шайқалған, бет терісі жыртылған және қабырғасы сынған деген диагноз қойылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге қатысты «Келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама