Halyq Uni логотип
×

Kids Go Free бағдарламасы бойынша 76 млн теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды

Өткен жылы бұл мүмкіндікті 700-ге жуық отбасы пайдаланды

 Динара Амантай 15.03.2023 | 12:08
Kids Go Free бағдарламасы бойынша 76 млн теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды
Фото: Halyq Uni

2022 жылдан бастап Қазақстанда Kids Go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстерімен тегін ұшу мүмкіндігі берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары арасында сұранысқа ие үш бағыт – Ақтау, Алматы және Түркістан қалалары болды. Бұл ретте барлық іске асырылған турлардың 50%-дан астамы Маңғыстау облысына тиесілі екенін айта кеткен жөн.

Жалпы аталған бағдарлама бойынша былтыр 76 млн теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды.

Ақтау – Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids Go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды. Бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2 мың бала мен мың отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді, – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама