×

Елімізде алименттен жалтарған 6 мың әйел сауық-сайран қуып жүр

Астананың өзінде алимент төлеуге міндетті 19 мың адамның 173-і – әйел

 Еркеғали Болатұлы 14.03.2023 | 14:56
фото: ашық дереккөз

Бауыр ет баласынан бас тартып, қызық қуып жүрген көкек ана көбейді. Қазірдің өзінде 6 мың әйел алимент төлемей, сауық-сайранның соңынан кеткен. Сәйкесінше, күн өткен сайын жалғызбасты әкелердің қатары артып барады. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қазір Астананың өзінде 19 мың адам алимент төлеуге міндетті. Арасында 173 әйел бар. Олардың 45-і бірде-бір рет баласына ақша салмаған.

Тілшілер қаладағы алимент төлемей жүрген бір ананың үйіне барып көрген. Оның осы күнге дейін жиналған қарызы 1,5 миллион теңгеден асады екен. Бірақ қазір екінші отбасы бар әйел бетбақтырмай, әріптестерімізді үйінен қуып шыққан.

Ол кісілерге қатысты сот орындаушылар тарапынан күнделікті жұмыс істеледі. Хабарлама беріледі. Нақты ер кісілерден қалай алимент өндірілу қажет болса, әйелдерге де сондай талап қойылады, - дейді жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Саламат Мадхан.

Баласынан бас тартып, тастап кеткен аналардың саны көп болғанмен, әкелер алиментке арыз жазуға арланады екен. «Өзім бағып, өзім жеткіземін» дейтіндер де бар. Бірақ әр адам алимент төлеуге міндетті. Тіпті ата-ана құқығынан айырылса да олар алименттен босатылмайтынын ескергені жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама