Жағдай күрделі: БҚО мен Ақтөбе облысындағы су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар министрі адамдардың қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын айтты
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы cу басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жағдай күрделі.
Жалпы мұнда 51 үйді су басты. Оның 45-і Батыс Қазақстан облысында, алтауы Ақтөбе облысында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті, - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Юрий Ильин жағдай бақылауда екенін атап өтті. Бүгінде өңірдегі жолдарда 26 су тасқыны дерегі тіркелген, оның 13-і тоқтатылған.