Астана мен Алматыға Ұлттық ұланнан қосымша күш тартылмайды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 19 наурыз сайлау күні қоғамдық тәртіп қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді, Halyq Uni тілшісі.
«Біз бұл күні сайлау учаскелерін күзетке алуға міндеттіміз. Сондықтан қосымша күш тартылады. Учаскелерге бюллетеньдер әкелінгеннен кейін күзетке алынады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция патрульдері өздеріне жақын орналасқан учаскелердің маңында шоғырланады. Республика бойынша патрульдегі 13 мыңдай адам тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр», - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.
Министрдің айтуынша, 19 наурызда Астана мен Алматыға Ұлттық ұланнан қосымша күш тартылмайды.
«Әрине, жоқ. Оның неге керегі бар? Бұл ішкі әсер емес, Ұлттық ұлан сарбаздары. Олардың өзіне бекітілген стратегиялық нысандарды, түзету мекемелерін күзету сияқты міндеттері бар. Ал қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге патрульдік бекет сақшылары, учаскелік полицейлер жұмылдырылады», - деді ведомство басшысы.
Еске салайық, 2023 жылдың 19 наурызында Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.