Қызылордада жаппай төбелес болып, 2 адам жарақат алды

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Қызылордада бір-бірімен сөзге келген жастардың әрекеті төбелеске ұласқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 23:30 шамасында қаланың шет көшелерінің бірінде бір топ азаматтың жиналғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция 20-23 жас аралығындағы үш облыс тұрғынын ұстап, ПБ-ға жеткізді.

Екі адам аураханаға жатқызылды, денсаулықтары тұрақты.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.