Үкіметтің тиісті қаулысы шықты
Үкімет құтқарушыларға қауіпті жұмысы үшін қосымша ақы төлеу туралы қаулы қабылдады.
Қосымша ақы жедел-құтқару жасақтарының, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының және «Қазселденқорғау» ММ апаттық-құтқару функцияларын орындайтын негізгі персоналдың қызметкерлеріне төленеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2 мыңнан аса құтқарушыға қосымша ақы төленеді.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап құтқарушыларға қауіпті жұмысы үшін төленеді.