Halyq Uni логотип
×

Құтқарушыларға қауіпті жұмысы үшін қосымша ақы төленеді

Үкіметтің тиісті қаулысы шықты

 Дастан Жұмабекұлы 14.03.2023 | 09:18
Құтқарушыларға қауіпті жұмысы үшін қосымша ақы төленеді
фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Үкімет құтқарушыларға қауіпті жұмысы үшін қосымша ақы төлеу туралы қаулы қабылдады.

Қосымша ақы жедел-құтқару жасақтарының, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының және «Қазселденқорғау» ММ апаттық-құтқару функцияларын орындайтын негізгі персоналдың қызметкерлеріне төленеді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2 мыңнан аса құтқарушыға қосымша ақы төленеді.

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап құтқарушыларға қауіпті жұмысы үшін төленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама