Жетісу облысында 4 жылқының кесірінен әйел зардап шекті
Полиция қызметкерлері жол бойында қараусыз қалған жылқылардың иесін анықтап жатыр
Жетісу облысында жол апаты болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Алматы – Өскемен автожолының 196-шақырымында 46 жастағы ер адам JAC S3 жол талғамайтын көлігін жүргізіп келе жатып, 4 атты қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 жастағы жолаушы әйел зардап шегіп, түрлі жарақаттармен Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жол бойында қараусыз қалған жылқылардың иесін анықтап жатыр.