Қазақстан мен Өзбекстан жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті
Бұл құжатқа 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкентте қол қойылған
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.
Бұл келісімге 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкентте қол қойылған.
Халықаралық келісімді жүзеге асыруға жауапты құзыретті орган ретінде Қазақстан жағынан Ғылым және жоғары білім министрлігі, Өзбекстан тарапынан Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі белгіленген.
Екі елдің Үкіметтері және тиісті министрлік пен ведомстволардың басшылары осы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.