×

Теміртауда пәтердегі өрт салдарынан 7 адам зардап шекті

Оның ішінде 5 бала әртүрлі дәрежедегі күйік алған

 Динара Амантай 13.03.2023 | 16:37
Фото: Қарағанды обл. ТЖД баспасөз қызметі

Теміртауда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 7 адамды күйік шалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін сағат 13:56-да Теміртау қаласында өрт туралы хабарлама түскен. Қаланың 6-шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін жану болған.

Өрт ТЖД күштерімен сағат 14:19-да сөндірілді. Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрады.

Пәтерде болған 7 адам (оның ішінде 5 бала) әртүрлі дәрежедегі күйік алған және улы газбен уланған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Оқиға салдарынан пәтераралық қабырға, пәтердің кіреберіс есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама