×

«Рамзан Қадыровтың атымен шаптым». Еуропаны бағындырған қазақстандық шабандоз өзі мінген ең қымбат сәйгүлікті атады

Бауыржан Мырзабаев қазір Германияда тұрады

 Халық үні 13.03.2023 | 19:10

Әлемге танымал жокей, қазір Германияда тұратын халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бауыржан Мырзабаев қарындасын ұзату үшін Қазақстанға келіп, «Сұрауы бар» YouTube жобасының қонағы болды.

Аттың құлағында ойнайтын шабандоз журналистің бірнеше сұрағына жауап беріп, өзі мінген сәйгүліктердің ішіндегі ең қымбаты қайсы болғанын айтты.

«Құны - $15 млн. Басында Шешенстан президенті Рамзат Қадыровтың аттарын міндім. Ол кісі жылқыны жақсы көреді. Ең қымбат деген сәйгүліктерді сатып алады да, бәйгеге қосады. Қазір Ресей мен Украина арасындағы соғыстан кейін ол кісіге (Рамзан Қадыров – ред.) санкция жарияланып, біраз басылып қалды.

Жалпы, бәйге жылқысы өз құнын оңай ақтайды. Өйткені Еуропадағы жарыстарда жүлде қоры миллиондаған долларды құрайды. Кейбіреулер тұлпарды ұрықтандыру үшін қолданады. Ол да аз ақша емес», - дейді шабандоз.

Еуропаны бағындырған қазақстандық шабандоз әлемдегі қалталы азаматтардың біразымен достық қарым-қатынас орнатқанын айтты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама