×

Шымкентте 3 мың тонна ұнды өткізуден қомақты қаржы жымқырылған

Келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады

 Динара Амантай 13.03.2023 | 11:11
Фото: Halyq Uni

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3 мың тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «Шымкент ӘКК» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама