Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері 3 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қоныс аударушылардың 69,1 пайызы еңбекке қабілетті

 Динара Амантай 13.03.2023 | 09:44
Жыл басынан бері 3 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: Halyq Uni

1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақтар тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3%-ы Қытайдан, 15,9%-ы Ресейден 8,4%-ы Түрікменстаннан, 4,5%-ы Моңғолиядан және 4,9%-ы басқа елдерден келген.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 22,7%, зейнеткерлер 8,2% болды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1%-ы – жоғары білімді, 40,9%-ы – орта кәсіби білімді, 35,2%-ы – жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама