×

Ақмола облысында 36 нысан мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын бұзған

Прокуратураның жедел шаралары бойынша 18 объект талаптарға сәйкес келтірілді

 Динара Амантай 13.03.2023 | 09:20
Фото: avesta-news.kz

Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тек іріктеп тексеру арқылы пандустардың болмауы, көлбеу бұрышының сәйкес келмеуі және басқа да бұзушылықтары бар 36 жаңа нысан (тұрғын үйлер, дүкендер, қоғамдық ғимараттар) орнатылған. Бұл ерекше қажеттілікке мұқтаж адамдардың қозғалысын қиындатады.

Прокуратураның жедел шаралары бойынша 18 объект талаптарға сәйкес келтірілді, көтергіш құрылғылар, пандустар, борттар, тұтқалар, контрастты таңбалар орнатылды, кіреберіс есіктердегі табалдырықтар алынып тасталды.

Қалған нысандар да заң талаптарына сәйкес бейімделеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама