×

«Төрт балам әкесіз қалды»: Күйеуі лифт шахтасына құлаған астаналық әйел жанайқайын айтты

Әйел 2 апта бұрын қапыда күйеуінен айырылып қалған

 Халық үні 13.03.2023 | 07:44
фото: Алматы арнасы

Астанада көпбалалы ана жеделсатыларға техникалық қызмет көрсететін компаниядан үй талап етіп отыр. Оның күйеуі лифті шахтасына құлап, қаза тапқан, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Меруерт Қарышева осыдан 2 апта бұрын қапыда күйеуінен айырылып қалған. Бір-ақ күнде 4 бала әкесіз қалды. Отағасы жедел сатыларға қызмет көрсететін компанияда 10 жылға жуық жұмыс істепті. 23 ақпан күні жұмысқа кетіп, үйіне қайтып оралмаған.

«Басында аяғы, белі сынды. Тіпті, аурухана жеткізе алмайтынын айтқан. «Бәріне дайын болыңыздар» деп ескерткен. Сосын қайтыс болғанын хабарлады», – дейді қала тұрғыны Меруерт Қарышева.

Ақылбек Қарышев қайтыс болатын күні бизнес орталығына лифт орнатуға келген екен.

Әйелінің айтуынша, марқұм жеделсатының шахтасына құлаған. Алтыншы қабаттан жерге құлап түскенде Ақылбек Қарышев сол күйі тіл тартпай кетіпті. Марқұмның отбасы жалдамалы пәтерде ай сайын 160 мың теңге төлеп тұрады. Ақылбек Қарышев көз жұмғаннан кейін мекеме басшылығы оның отбасына жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер беретінін айтып, уәде еткен.

Алайда Меруерт Қарышеваның айтуынша, компания ұсынып отырған мердігерлер әкімдіктің қара тізімінде екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама