21 жастағы әйел төрт жылдан бері наркологиялық есепте тұрған
Солтүстік Қазақстан облысыда есірткі сатумен айналысқан 21 жастағы әйелдің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ақпан айының басында сезікті тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Ол бірден ұсталып, қалтасынан «Тұз» деп аталатын психотроптық зат салынған сезіз полимерлік түйіншек тәркіленген.
Полицейлердің мәліметше, күдікті ретінде ұсталған әйел 2018 жылдан бастап наркологиялық есепте тұрған. Мұнымен қылмыс жасағаны үшін бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылып, істі болған. Ал 2019 жылы ата-ана құқығынан айырылып, баласын қайтарып алуға әрекет жасамаған.
«Алынған заттың салмағы - 4,81 грамм. Бұл аса ірі көлемге жататынын айта керек. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Бауыржан Әділманов.
Ұсталған күдіктінің синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендерге қатысы бар екендігі анықталды. Енді оның кінәсі толығымен дәлелденсе, 21 жастағы азаматша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы жыл басынан өңір полицейлері есірткі сатудың 14 фактісін тіркеді. Ал заңсыз айналымнан 16 келіден астам түрлі есірткі заты алынды.