Қазақстанда қандай сала мамандары тапшы

Қымбат Елтайқызы

Арнайы талдау жарияланды

фото: Halyq Uni

Еңбек нарығында қандай сала мамандары тапшы екені белгілі болды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 4 наурызға дейінгі аралықта кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіп, нарықта алдағы екі жылдағы (2022-2024жж.) мамандарға деген қажеттілікті талдады. Сауалнамаға 32 мың кәсіпкерлік субъектісі қатысты. Соның ішінде 9,5 мың компания мамандар тапшылығын атап өтса, 112 компания штаттағы қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап отыр екен.

«ҰКП талдау деректері бойынша, 2022-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, сауда сияқты салаларда қажеттілік жоғары болады. Бұл ретте, ең аз қажеттілік бар салаларда (сумен жабдықтау, жылжымайтын мүлік) қызметкерлерді қысқарту талап етілмейді. Еңбек нарығында біліктілігі орташа және төмен мамандықтар: аспаз, тігінші, сатушы, қосалқы жұмысшылар, тракторшылар, слесарь-жөндеушілер сұраныста болады», – дейді Атамекен.