Биыл елімізде YouTube Premium іске қосылады
Биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.
YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл – біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші», - деді министр.
Оның айтуынша, Premium-ге өту мүмкіндігі Қазақстанда бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз және оларды жүктеп, интернетсіз де қарай алады. Сондай-ақ тағы басқа да мүмкіншіліктер бар», - деп атап өтті Бағдат Мусин.