×

Қазақстандықтар енді YouTube видеоларын жарнамасыз көре алады - Бағдат Мусин

Биыл елімізде YouTube Premium іске қосылады

 Еркеғали Болатұлы 12.03.2023 | 11:00
фото: ашық дереккөз

Биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.

YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл – біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші», - деді министр.

Оның айтуынша, Premium-ге өту мүмкіндігі Қазақстанда бұрын қолжетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз және оларды жүктеп, интернетсіз де қарай алады. Сондай-ақ тағы басқа да мүмкіншіліктер бар», - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама