Бағынысты қызметкердің жемқорлығы үшін 7 басшы жауапқа тартылды
Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде тиісті шаралар қабылдамаған
Семейде Полиция басқармасының басшылығына қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдау ұсынылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту мәселелерін Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы Абай облысы полиция департаментінің басшылығымен және ұжымымен талқылаған.
Қатысушылар пара алу фактісі бойынша ҚІЖК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген Абай облысы ПД Семей қаласы ПБП қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша ұсынысты қарады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде тиісті шаралар қабылдамауға әкеп соққан бағынысты қызметкерлердің қызметіне тиісті ведомстволық бақылаудың болмауы қайталамау және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін аға тергеуші Абайхан Мұхаметқали Абай облысы ПД Семей қаласының ПБ ППБ басшылығына тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауды ұсынды.
Енгізілген ұсынымның қорытындысы бойынша, кінәлі лауазымды тұлға мен оның басшылығы теріс себептермен жұмыстан шығарылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Кездесу барысында Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Данияр Ақуан қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін және ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолданбағаны үшін басшылардың арнайы жауапкершілігін еске салды.
Өз кезегінде, Абай облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.