Астанада 3 жігіт ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен (ВИДЕО)

Динара Амантай

Күдіктілер қазір қамауда

Фото: Halyq Uni

Астанада үш жігіт ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 102 арнасына 26 жастағы азаматтан кешкі уақытта Сарайшық көшесінде белгісіз жігіттердің оны ұрып-соғып, Redmi ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлама түскен. Шабуыл жасау сәті камераға түсіп қалған.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар үш адамды анықтады. Олар 18, 20 және 21 жастағы жас жігіттер болып шықты, олардың бірі бұрын сотты болған. Күдіктілер қазір қамауда.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.