×

Алматыда белгілі дәрігерді өлтірген қылмыскер 18 жылға сотталды

Ол жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді

 Дастан Жұмабекұлы 10.03.2023 | 16:35
фото: ашық дереккөз

Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкім өзгеріссіз қалды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, – делінген соттың шешімінде.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша 36 жастағы Нұржан Тұрсынбаев барлық бап бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама