×

Мемлекеттік қызметке тұру үшін таныс емес, мінез керек – Элина Паули

Ол басшылық қызметке барғысы келетін жастар білуге тиіс үш факторды атады

 Наима Нұрәлі 10.03.2023 | 15:33

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Элина Паули Halyq Uni тілшісіне мемлекеттік қызметке қалай келгенін айтып берді.

«Мен қарапайым отбасынан шыққанмын. Әке-шешем мұғалім болған. Олар бала кезден адамгершілік, мейірімділік, еңбекқорлық, адалдық қасиеттерін бойымызға сіңірді. Сондай ортада өскен адам, әрине мақсатына жетеді. Мен 15 жылдан аса уақыт қоғамдық жұмыстармен айналыстым. Ол өзімді дамытуға көмектесті. Үшіншіден, мемлекеттік тілді білу. Осындай үш фактор, жастардың да басшылық қызметтерге ораналсуына септігін тигізеді.

Елімізде президенттік жастар кадрлық резерві деген керемет бағдарлама бар. Ол да осындай мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін отансүйгіштік пен қатар стресске деген төзімділік керек. Өз жұмысыңды сүйсең, еліңді сүйсең, мемлекеттік қызметте істей аласың», - деді Элина Паули.

Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» орталығының директоры мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілінен тест тапсыруын міндеттеуді ұсынды. Одан бөлек, Қазақстандағы әлеуметтік лифт, жас министрлер мен мемлекеттік қызметкерге қойылатын талаптар жайында пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама