×

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады

Жолаушылар рейсі 26 наурыздан бастап жанданады

 Халық үні 10.03.2023 | 09:23
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түрікменстан» әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.

Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейк, бұған дейін Астана мен Бішкек арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келтірілетіні хабарланды. Қырғызстан астанасына рейстер 2 мамырдан бастап қайта қалпына келтіріледі. Ұшақ аптасына екі рет сейсенбі және сенбі күндері ұшады.

Астаналар арасындағы 954 шақырым қашықтықты 1 сағат 45 минутта ұшып өтуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама