×

Елімізде баспана бағасы өсті

Үйді жалға алу да қымбаттап кетті

 Дастан Жұмабекұлы 09.03.2023 | 15:24
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, өткен жылдың ақпан айы мен биылғы ақпан айларының аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% қымбаттады.

Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың бағасы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 33,8% өскен.

Былтыр Ақтөбе (25,4%), Ақтау қалаларында үйдің бағасы (25,2%) едәуір көтерілген. Одан басқа, Семейде баспана 41%, Қызылордада 39,9 %, Ақтөбеде 36,9%, Қостанайда 30,9% қымбаттаған.

Тұрғын үйді жалға алу бағасы Көкшетауда 53,7%, Қостанайда 51,9%, Алматыда 49,6%, Петропавлда 49,3% өскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама