×

Атырауда 2,5 мың ақбөкен мүйізі тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 09.03.2023 | 11:42
Фото: видеодан скриншот

Атыраулық полицейлер 2,5 мың ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Береке шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2 421 дана ақбөкен мүйізі анықталған. Аталған дерекке қатысты 1991, 1987 және 1986 жылы туған күдіктілер ұсталды.

Келтірілген шығын 6 млрд 264 млн теңгеден асады. ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Әмірханов.

Еске сала кетсек, бұған дейін БҚО-да полицейлердің 500-ге жуық киік мүйізін тәркілегенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама